Спорт • 11 Шілде, 2022

Мажарстанға аттанды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Мажарстанда үстел теннисінен үш бірдей халықаралық турнирдің жалауы желбірейді. Бұл бәсекелерде біздің елдің өрендері де өнер көрсетеді.

Мажарстанға аттанды

Бүгін WTT Star Contender турнирінің тұсауы кесілді. Ол жерде Қазақстанның ең үздік ойыншысы, бірқатар халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, Рио мен Токио Олимпиадаларына қатысушы, әлемдік рейтингте 27-орында тұрған астаналық Кирилл Герасименко өнер көрсетуде. 18-22 шілде аралығында WTT Feeder додасының шымылдығы түріледі. Бұл бәсекеде 15 жасар қазақтың аса дарынды ойыншысы Алан Құрманғалиевке сенім артылып отыр. Өз құрдастары арасында әлемдік рейтингте көш бастап тұрған қандасымыз бұл күндері ITTF тізімінде 300 сатыға жайғасты.

Дәл сол күндері WTT Champions өтеді. Жүлде қоры 500 мың АҚШ долларын құрап отырған додада 25 жастағы Кирилл Герасименко күш сынасады. Осы жарыста жерлесіміз Олимпиада чемпиондары Ма Лонг (Қытай) мен Чен Мэнь (Қытай) және Мима Ито (Жапония), Дмитрий Овчаров (Германия), Уго Кальдерано (Бразилия), Хан Йин (Германия), Квадри Аруна (Нигерия), Адриана Диаз (Пуэрто-Рико) сынды саңлақтармен шеберлік байқасады.