Аймақтар • 11 Шілде, 2022

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Бекболат Орынбеков Ақмола облысының Ақкөл ауданына жұмыс сапары барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті

Парламентшілер Палатаның VII шақырылымының 2 сессиясы жұмысының қорытындылары, қаралған мәселелердің тізбесі, мақұлданған нормативтік-құқықтық актілер мен пысықтауға жіберілген жобалардың саны туралы айтып берді. Кездесуге қатысушылар сонымен қатар еліміздің жоғары заң шығарушы органының жұмысына қатысты Конституцияға түзетулерді жүзеге асыруды, сондай-ақ Сенат жұмысындағы бүгінгі басымдықтарды талқылады.

Мәслихат депутаттары өз кезегінде аудандағы жағдай туралы айтты және өзекті мәселелермен бөлісті. Сенаторлар қоғамды толғандырған сұрақтарға жауап берді және олардың шешуге кө­мектесетіндерін айтты.

Мәслихат хатшысы Жұлдызай Салыбекова өзінің қорытынды сөзінде кездесуге келіп, бүгінгі күннің проблемаларын талқылауға мүмкіндік берген сенаторларға алғыс айтты.