Аймақтар • 11 Шілде, 2022

Биыл Абай облысында 35 көлік өртеніп кетті

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Абай облысында 35 көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Абай облысында 35 көлік өртеніп кетті

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Семей қаласында 2014 жылғы Chevrolet Сruze маркалы автокөлігінде уақытша тоқтап тұрған кезде өрт шыққан. 

«Қызыл жалын қозғалтқыш бөлігінің жанғыш бөлшектерін, аспаптар панелін, салонның ішкі қаптамасын шарпыды. Сондай-ақ 4 шаршы метр аумақта жеке заттар жанып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды толықтай ауыздықтады», делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары агрегатпен абайсыз жұмыс атқарудан болуы мүмкін.