Аймақтар • 11 Шілде, 2022

Атырауда ақша жымқырған шенеуніктердің ісі сотқа жолданды

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Атырау облысы құрылыс басқармасының» лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда ақша жымқырған шенеуніктердің ісі сотқа жолданды

Агенттікте нақтылағандай, әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу басталды, оның ішінде мектеп, екі отбасылық дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.

«Ұрлықтың белгіленген мөлшері 467 млн теңгені құрады. ЖШС басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ЖШС 79 млн теңге сомасына мүлікке тыйым салынды», делінген ҚР ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ал Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және бір тапсырыс берушіге қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.