Кездесу барысында сенаторға жоғары оқу орындарының жұмысы мен даму жоспары таныстырылды. Парламент мүшесі сонымен қатар Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде де болды. ҚазҰАЗУ ғалымдары университет зерттеушілерінің ауыл шаруашылығы және орман ресурстары саласындағы соңғы ғылыми жаңалықтары туралы айтып берді.
Сенатор жоғары оқу орындарының жұмысымен және сөз алушылардың таныстыру тұрғысындағы баяндамаларымен танысты және университеттің аграрлық ғылымды дамыту мен еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне білікті кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Алматы