Мұның себебін қоғамдық қабылдауға келушілер тұрғын үй кезегінің жылжымауымен түсіндіреді. Тіпті тұрғын үй кезегіне тұрғанын дәлелдей алмай жүргендер бар. Ал кәсіпкерлер «қара алтын» нарығындағы бағаның реттелгенін, мұнай өнімдерін резервуарларға қатысты тарифтің төмендегенін қалайды.
Депутат Д.Тұрғановтың пікірінше, бұл мәселе Мәжілісте жиі көтеріліп келеді. Өйткені сұйытылған газды тасымалдайтын кәсіпкерлер бағаны қымбаттатып, халықтың наразылығын туғызған. Осыған байланысты мұнай-газ нарығына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарланған. Қызылқоға ауданындағы қоғам белсенділерін Ойыл өзенінің бүгінгі ахуалы толғандырып отыр. Бірнеше жылдан бері аталған өзенге су келмей, құрғап кету қаупі төнген. Енді өзенді сақтап қалудың бір ғана жолы бар. Бұл – мемлекет тарапынан көңіл бөлу.
– Қоғамдық қабылдауға келушілердің басым бөлігінің өтініші жергілікті атқарушы органдардың жұмысымен тікелей байланысты. Облыс басшыларымен кездесіп, бұл мәселелерді шешу жолдарын бірлесе қарастырамыз, – дейді Д.Тұрғанов.
Депутаттың айтуынша, тұрғындар тарапынан таза энергия өндіретін электр стансаларын салу, батыс аймақтың энергетикалық желісін нығайту, оны еліміздің бірыңғай энергетикалық жүйесімен біріктіру, құрылыс сапасын арттыру, құрылыс нысандарының мерзімінде аяқтау секілді түйінді мәселелер көтерілген. Атыраулықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесімен бірге жергілікті және республикалық маңызы бар жолдың жайы алаңдатады.
Атырау облысы