Биылғы Балалар жылы және «Туған елге тағзым» жобасы аясында жасалған ота шеберлік сағаты есебінде өтті. Себебі жұмыс барысы тікелей бақылауға алынып, балалар ауруханасының жас хирургтері қатысты. Бұл Нұрлан Мұхтарұлының алғашқы қайырымдылық отасы емес. Медицина саласында 40 жылға жуық қызмет етіп келе жатқан білікті маман осы уақытқа дейін 25 мыңнан астам операция жасаған екен. Оның ішінде 1,5 мыңнан астамы – қайырымдылық іс-шарасы.
«Әр азамат халықтың ризашылығын алғысы келеді. Менің де мақсатым – балаларға қолымнан келгенше көмектесіп, ел алғысын алу. Осыған орай жиі қайырымдылық отасын жасаймын», деді Н.Арын.
Операция сәтті өтті. Білгір дәрігер операцияны өзі ойлап тапқан жаңа әдіспен жасады. Мамандар науқастар бір тәулік ішінде аяққа тұрып, бір аптада үйіне шығарылатынын айтады. Ата-аналар ауыр халде жатқан балаларына көмектескен ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырып, ізгі тілектерін жеткізді. Көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Арман Тойбеков қайырымдылық іс-шарасының қоғамға берер көмегі зор екенін тілге тиек етті. Мамандар мұндай игілікті іс-шаралар жергілікті дәрігерлердің кәсібилігін артатына сенімді.
«Бала – ұлттың болашағы. Осы нақылды қаперіне алған дәрігерлер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр. Нұрлан келген сайын жас әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, жаңа әдістер үйретеді», деді А.Тойбеков.
ТАЛДЫҚОРҒАН