Спорт • 12 Шілде, 2022

Президент кубогын сарапқа салады

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден 16-20 тамызда Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан Президенті кубогы жолындағы жарыс­тың кестесі жарияланды.  

Президент кубогын сарапқа салады

Турнирдің шымылдығы Нижнекамскі­нің «Нефтехимигі» мен Магнитогорскінің «Металлургі» арасындағы кездесумен ашылады. Осы бәсеке аяқталған бетте «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилисімен» күш сынасады. Келесі күні «Автомобилист» Қытайдың «Куньлунь Ред Старымен», ал елордалық хоккейшілер «Нефтехимикпен» шеберлік байқасады. 18 тамызда  «Автомобилист» пен «Нефтехимик» және «Куньлунь Ред Стар» мен «Металлург» арасындағы матчтарды тамашалаймыз. 19 тамызда Нижнекамск пен Бейжің және Магнитогорск пен Нұр-Сұлтанның командалары өзара сайысқа түседі. Жарыстың соңғы күні «Металлург» пен «Автомобилист» және «Барыс» пен «Куньлунь Ред Стар» кездеседі. 

Естеріңізге сала кетейік, Президент кубогы­ның жалауы осымен 12-мәрте желбірегелі отыр. Былтыр өткен бәсекеде «Барыстың» бағы жанса, екінші және үшінші орындарды Қарағандының «Сарыарқасы» мен Бейжіңнің «Куньлунь Ред Стар» клубтары иеленді. 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51