![Ақтөбеде ауа сапасы нашарлады](/media/2022/07/12/27185e9d-b4d2-435e-8a74-3f849481d799.jpeg)
«Сейсенбіде атмосфералық ауа сапасы тек Ақтөбе қаласында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал», делінген хабарламада.