ANTIKOR • 12 Шілде, 2022

12 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органынан жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударып келеді. Олардың көпшілігі елден тыс жерлерде жасырынып жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық Департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековті халықаралық іздестіруді жүзеге асырды.

«Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды. Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтен» «Алшерге» өзгерткен», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.