Коронавирус • 12 Шілде, 2022

Коронавирус жұқтырған 16 адамның жағдайы ауыр

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 шілдедегі мәліметке сәйкес, 3 211 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 401 пациент стационарда, 2 810 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 16 адамның жағдайы ауыр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дерегінше, қазіргі кезде 16 адамның жағдайы ауыр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 532 425 тұрғын, екінші компонентін 9 316 066 тұрғын салдырды.