2014 жылғы 13 наурыз, Астана қаласы
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 44-5) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8544 тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 265 (27539) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандары ұстау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар.»;
9, 10 және 11 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін:
1) осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты органның қаулысы.
3) осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды (оларды) Орталыққа жеткізген адамның өтініші негіз болып табылады.
Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысына міндетті түрде:
1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
2) кәмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
3) туу туралы куәлігі (бар болған жағдайда);
4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
5) медициналық құжаттар (егу құжаты және амбулаторлық картасы бар болған жағдайда) тіркеледі.
10. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталыққа кәмелетке толмағандарды қабылдаудың актісі негізінде қабылданып, ол туралы Орталықтың әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жазбаша түрде прокуратура органдарын хабардар етуге міндетті.
11. Осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органына панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Қағиданың 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін қажетті уақытқа, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге орналастырылады.»;
осы Қағидалардың 3-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р. П. Шер):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияласын және оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарына орналастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р. П. Шерге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. СӘРІНЖІПОВ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы №75 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидасына 3-қосымша
нысан
№ ___ Есепке алу - статистикалық карточкасы
1. Тегі ______________________________________________________________
2. Аты ______________________________________________________________
3. Әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________________________________
4. Туған күні, айы, жылы және туған жері ________________________________
5. Тұратын жері _______________________________________________________
___________________________________________________________________
6. Білімі_____________________________________________________________
(оқу орны, сынып, топ)
7. Ата-анасы туралы мәліметтер _______________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
______________________________________________________________________
туған күні, айы, жылы, тұратын жері, жұмысы)
8. Орналастыру негізі (керегін сызу керек):осы Қағиданың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы; осы Қағиданың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негіз болып табылады; осы Қағиданың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды (дарды) Орталыққа жеткізген тұлғаның өтініші.
9. Ішкі істер органдарында есепте тұрды ма: (иә, жоқ) _______________________
_____________________________________________________________________
10. Қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма: (иә, жоқ) ____________________
____________________________________________________________________
11. Ерекше белгілері___________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________ ___________________________________________________
Ескертпе:
Есепке алу-статистикалық карточкасының келесі жағы
№
р/б Келген күні Кеткен күні Кімге және
қашан берді Есепке алу
ісінің нөмірі
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 12 сәуірдегі Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9328 болып енгізілді.