Экономика • 12 Шілде, 2022

Күндізгі саудада доллар 8 теңгеге қымбаттады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллар бағамы қайта өсті, деп хабарлайды Egemen.kz KASE қор нарығына сілтеме жасап.

Күндізгі саудада доллар 8 теңгеге қымбаттады

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.