Ауа райы • 13 Шілде, 2022

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауа ағындардың өтуі ел аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райын сақтайды. Найзағаймен бірге жаңбыр жауады, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық болжанады.

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.