Қазақстан • 13 Шілде, 2022

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның барлық қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы тек Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында нашарлайды.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.