Туризм • 13 Шілде, 2022

Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Red Wings әуе компаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұша бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады

Red Wings мәліметіне сәйкес, аталған бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) орындалады.

Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеде басталып, жұма күндері, ал Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері орындалады.

Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуе компания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.