Елорда • 13 Шілде, 2022

Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мәңгілік ел даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Мәңгілік ел даңғылы уақытша жабылды

Осыған байланысты, 13-25 шілде аралығында Достық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30