АСТАНА. 29 сәуір. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жүргізген «Еуразиялық одақ идеясынан – еуразиялық интеграцияның жаңа перспективаларына» атты дәрісінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағының инфрақұрылымы жалпықұрлықта жетекші орында болуы тиіс деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың инфрақұрылымын дамытудың маңыздылығына тоқтала келіп, біртұтас еуразиялық телекоммуникациялар желісін құру, Минск – Мәскеу – Астана – Алматы бағыты бойынша жүрдек темір жол магистралын салу, қазіргі бар, әсіресе, батыста – еуропалық, шығыста –қытайлық көлік жүйелеріне шығатын автомобиль және темір жолдар желісін жаңғырту, сондай-ақ, «Еуразия» арнасының «Каспий-Қара теңіз» жобасын жүзеге асыру қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, Президент: «Келісілген және біркелкі тарифтер бойынша бүкіл ұлттық экономикаларды газбен қамтамасыз ететін Бірегей ішкі газ тасымалдау желісін құрудың болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі үшін маңызы зор. Энергетика кешенін терең интеграциялаудың жол картасы ретінде бірлескен «Еуразиялық энергетика» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау қажет. Сондай-ақ, Ресеймен бірлесіп, бізде АЭС салуға тиіспіз», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: egemen.kz. Фото: Vesti.ru.• 29 Сәуір, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ аумағы инфрақұрылымын жандандыру керек
Руханият • Бүгін, 08:10
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Сұхбат • Бүгін, 08:07
Ғылым • Бүгін, 08:05
Ғылым • Бүгін, 08:02
Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Саясат • Бүгін, 08:00
Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері
Саясат • Бүгін, 07:58
Саясат • Бүгін, 07:55
Күрделі миссия – лайықты марапат
Марапат • Бүгін, 07:53
Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады
Сенат • Бүгін, 07:50
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше
