29 Сәуір, 2014

Солтүстік Қазақстанда балыққа кеткен жанның мәйіті табылды

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-04-14-rybak-1

ПЕТРОПАВЛ.  29 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысының судан құтқару қызметінің мамандары Қызылжар ауданы аумағында орналасқан Белое көлінен бір балықшының өлі денесін тапты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Балық аулауға кеткен 57 жастағы ауыл тұрғыны қайтып үйіне оралмаған. Үй иесінің кешіккенінен күдіктенген отбасы мүшелері сосын құқық қорғау органдарына хабарласқан. Іздеу жұмыстары екі күнге жалғасып, мүрде табылған. Сақтық шараларының жасалмауының ақыры осындай қайғылы жағдайға  соқтырды. Өмір Есқали. Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  баспасөз қызметі. Фото: pg13.ru.