Экономика • 14 Шілде, 2022

Қазақстан баға саясатын өздігінен реттей алмайды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан баға саясатын өздігінен реттей алмайды

«Дамыған елдердегі инфляцияның жоғарылығы біздің экономикамызға әсер ететіні де түсінікті. Салдарынан қазір Қазақстан экономикасындағы инфляцияның деңгейі 14 пайыздан асты. Бізде соңғы жылдары мұндай инфляция болған емес. Иә, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары инфляцияның 3 мың пайызға дейін жеткенін білеміз. Қазір оның бәрін ұмыттық. Өйткені соңғы уақытта жүргізілген дұрыс экономикалық саясаттың нәтижесінде, елде макроэкономикалық тұрақтылық қалыптасты. Халық та осы тұрақтылыққа үйренді. Сондықтан тұрғындардың баға өсуіне қатысты дүрлігетіндей жөні бар. Бір анығы, Қазақстан баға саясатын өздігінен реттей алмайды. Бұған біздің шамамыз жетпейді», деді Жақсыбек Құлекеев басылымға берген сұқбатында.

Сұқбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.