Әлем • 14 Шілде, 2022

Канадада маймыл шешегінің 477 жағдайы тіркелді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канаданың қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі сәрсенбідегі жағдай бойынша елде маймыл шешегін жұқтырудың 477 жағдайын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Канадада маймыл шешегінің 477 жағдайы тіркелді

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, Канаданың Квебек провинциясында - 284, Онтариода - 156, Британдық Колумбияда - 29 және Альбертте маймыл шешегін жұқтырудың 8 жағдайы тіркелген. Жергілікті билік сынақ нәтижелерінің оң қорытындысын әлі де алып жатқанын хабарлады.

Ұлттық микробиология зертханасы маймыл ауруын тудыратын вирусқа диагностикалық сынақ жүргізуде. Зертхана, сонымен қатар канадалық маймыл шешегінің үлгілерінде геномды толық зерттеуін, пациенттің саусақ ізінің кеңейтілген талдауын жүргізіп келеді.