Спорт • 15 Шілде, 2022

Луценко –тоғызыншы орында

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тур де Франс» көпкүндігінің 11 ке­зеңі Нидерландтың Jumbo-Visma клубының сапындағы даниялық велошабандоз Йонас Вингегордың жеңісімен аяқталды.

Луценко –тоғызыншы орында

Альбервиль мен Коль-дю-Гранон аралығын жалғастырып жатқан 151,7 шақырымдық таулы аймақты ол 4 сағат 18 минут 02 секундта жүріп өтті. Колумбиялық Наиро Кинтана («Arkea-Samsic») екінші орын алса, франциялық Ромен Барде («DSM») үшінші сатыға жайғасты. «Астананың» серкесі Алексей Луценко мәре сызығын сегізінші болып қиып өтті. Жоғарыдағы жеңісінің арқасында Йонас Вингегор бес кезең бойы ешкімге бет қаратпай келген Тадей Погачарды тұғырдан тайдырып, жалпы есепте көш бас­тады. БАӘ-нің UAE Team Emirates клубы сапында өнер көрсетіп жүрген Словенияның саңлағы үшінші сатыға сырғып түссе, екінші орынға Ромен Барде көтерілді. Біз үшін қуанышты жағдай, Луценко тоғызыншы сатыға тұрақтады. Ол көш басындағы велошабандоздан 8 минут 07 секунд қалып келеді.

«Тур де Франстың» аяқталуына әлі 10 кезең бар.