Футбол • 15 Шілде, 2022

Ақжайық футбол клубының бас бапкері тағайындалды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тирасполь футболының түлегі Игорь Пикущак «Ақжайық» клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақжайық футбол клубының бас бапкері тағайындалды

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлағандай, Игорь Пикущак 1983 жылы дүниеге келген.

Футболшы ретінде «Шериф», «Тирасполь», «Краснодар», «Амкар» (Пермь) командаларында ойнаған. Молдова ұлттық құрамасы сапында 22 матч өткізген.

Бапкер есебінде «Ноа» (Армения), «Акрон» клубтарын жаттықтырған.

2019-2020 жылғы Армения чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ Армения кубогы және суперкубогының иегері.