Аймақтар • 15 Шілде, 2022

Ақтөбеде екі адам суға батып кетті

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде құтқарушылар 2 және 4 метр тереңдіктен екі адамның денесін алып шықты. Қайғылы оқиғаның бірі қалада, бірі ауылда орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде екі адам суға батып кетті

Өткен тәулікте сағат 22:06-да Ақтөбе облыстық ТЖД кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне қаладағы «Tropicana» жағажайында ер адамның суға батып кеткені туралы ақпарат түсті.

Шақырту орнына жеткен құтқарушылар 27 жастағы жергілікті тұрғынның жеке жағажайда суға кеткенін анықтады. Оның денесі жағадан 10 метр қашықта 2 метр тереңдіктен шығарылды.

«Кеше Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты Шеңгелші ауылында Жем өзеніне 34 жастағы ер адам батып кетті. Алматы облысы Талдықорған қаласы тұрғынының денесі 4 метр тереңдіктен шығарылды», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.