Коронавирус • 15 Шілде, 2022

ДСМ коронавирустың таралу қарқынына болжам жасады

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша жаңартылған болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ДСМ коронавирустың таралу қарқынына болжам жасады

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік ай сайын коронавирусқа қатысты болжамды жаңартып отырады.

«Пессимистік сценарий кезінде бір тәулікте науқастардың саны 4 мыңға дейін тіркелуі мүмкін. Шынайы сценарий кезінде тәулігіне 2 400-ге дейін анықталады. Ал оптимистік сценарий жағдайында өрбісе, онда бір тәулікте 1000-ға дейін адам індет жұқтыруы ықтимал», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.