Қазақстан • 15 Шілде, 2022

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов министрлік коммуналдық қызмет тарифтерін 180 күнге көтеруге мораторий енгізгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді

«100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл тұрғындарға 3,2 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта тарифтер осы жылдың инфляциялық дәлізі аясында өзгереді», деді Тимур Жақсылықов.

Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін теңгеру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында министрлік мынадай шараларды қабылдайды:

  • қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

  • тұрғын үй көмегінің тетіктерін жетілдіру;

  • өңірдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір аймаққа жеке көзқарас.