Қоғам • 15 Шілде, 2022

Адвокат Бурхан Жансейітов ҚМА қызметкеріне қол көтерген

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адвокат Бурхан Жансейітов құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтіріп, арандату әрекетін ұйымдастыру кезінде ҚР ҚМА қызметкеріне қол көтергені анықталды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Адвокат Бурхан Жансейітов ҚМА қызметкеріне қол көтерген

«Кеше Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік басып алумен айналысқан адамдар тобына қатысты тергеу нәтижелерін жариялады. 12 шілдеде осы топтың мүддесін қорғаған адвокат Бурхан Жансейітов күдіктілерге жасырын бақылау жүргізілетіні туралы ақпарат алып, құқық қорғау органының қызметкерлеріне кедергі келтірді. Атап айтқанда, ол мақсатты түрде араңдату әрекетін ұйымдастырды. Б. Жансейітов жедел топтың қызметтік көлігіне тосқауыл болып, автокөліктің алдынғы дөңгелегін тесіп, терезесін сындырмақ болды. Ол мақсатты түрде қызметкерлермен жанжал туындатуға тырысты. Бурхан Жансейітов оқиға орнына келген полиция қызметкерлерінің талаптарына жауап бермеді, агрессия танытты. Сондай-ақ, ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкеріне қол көтерді. Б. Жансейітов аталған оқиғаны тергеуге кедергі жасау және жалған қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды. Оның жасаған әрекеттері билік органдары мен қоғамдық тәртіпке қарама-қайшы деп танылып, Б. Жансейітов қамауға алынды», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Б. Жансейітов өзге де адвокаттарға олардың сыртынан құқық қорғау қызметкерлері андып жүргені туралы жалған ақпарат таратқан екен. Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.