Аймақтар • 15 Шілде, 2022

Қаңтар оқиғасында бүлік шығарған жеті адам сотталды

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адам сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасында бүлік шығарған жеті адам сотталды

Қалалық сот қаңтар оқиғасына қатысқан 7 адамлы соттады. Олар 5-6 қаңтар күндері халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны және бүлікке қатысқаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

«Жетеуі де өз қылмыстарын мойындады. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, төрт айыпталушыны бір жыл алты айға бас бостандығын шектеді. Қалған үшеуіне пробациялық бақылау белгілеумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», ШҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.