ANTIKOR • 16 Шілде, 2022

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруін жалғастыруда

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы аталған агенттіктен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруін жалғастыруда

Бүгінде Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілерге 2017-2018 жылдары «Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D моделін құру» жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

«Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген.

Бұл ретте жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстардың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын анықтады.

Осылайша, жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.