Коронавирус • 16 Шілде, 2022

Елімізде 6,4 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 6,4 мыңнан астам адам коронавирус індетінен ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Елімізде 6,4 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

16 шілдедегі мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 6 425 адам коронавирус инфекциясынан (6 332 науқас – коронавирустан, 93 науқас – коронавирус пневмониясынан) емделуде, олардың ішінде 680 пациент стационарда, 5 745 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар арасында: 17 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.