Елорда • 16 Шілде, 2022

Елордада көлігіне тапанша салып жүрген жүргізуші ұсталды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада көлігіне тапанша салып жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада көлігіне тапанша салып жүрген жүргізуші ұсталды

Ер адам «Қылмысқа тосқауыл» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде ұсталды.

«Полиция «Lexus RX 350» маркалы көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында 28 жастағы жүргізуші осы жылдың сәуірінде мас күйде рульге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны және жазасын 6 ай бойы қоныс-колониясында өтегені анықталды. Көлікті одан ары тінту барысында «Оса» маркалы тапанша табылды. Сот-баллистикалық сараптама нәтижесінде қарудың атуға жарамды екені анықталды», деп атап өтті департаменттен.

Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.