Қоғам • 18 Шілде, 2022

Бір ұл, екі қыз...

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында Айым, Гүлім және Нұрым есімді үшем дүниеге келді. Биыл Ақтауда осымен екінші рет үшем дүниеге келді. Жалпы, жыл басынан бері облыстық перзентханада 4 319 нәресте жарық дүние есігін ашқан болса, соның 85-і егіздер.

Бір ұл, екі қыз...

Барлығы да күтпеген жер­ден болды. Өзіміз де таңғал­дық. Табиғи жолмен болды, ЭКО емес. Үшемдерге дейін де үш баламыз болған. Жол­да­сымның анасы да егіздің сыңары. Үшеміміз өмірге келген соң жақындарымызды көмекке шақырдық. Жүкті­лік барысында бірден үш сә­би бола­тынын білген жоқ­пын. Сон­дықтан да дәрі­гер­­лердің кеңесімен кесарь тілігі арқы­лы босануды жоспарладық. Бар­­лығы сәтті шықты. Меди­ци­на қызметкерлеріне үл­кен рах­­мет айтамын,– де­ді үшемнің анасы Амангүл Таси­бекова. Білікті медицина маман­дарының қара­уында болған анасы мен нәрестелердің жағ­дайы тұрақталған соң үйіне жібе­рілді.

– Өмірге келген бір ұл мен екі қыздың сал­мағы 2 кг 286 г, 2 кг 280 г және 1 кг 880 г құ­райды. Бөбектердің дені сау болсын. Еліміздің қалаулы азаматтары болып өссін, – деді «Ана мен бала» орталығының директоры Ж.Епенова.     

 

Маңғыстау облысы