Nissan және Lada көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
«Басып озу кезінде Nissan жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды», деді Орал қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығының орынбасары Константин Недопекин.
Nissan жүргізушісі мен 10 және 13 жастағы екі бала ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтау жұмысын жалғастыруда.