Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Павлодар облысының үш ауылында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл әкімі лауазымына саяси партиялардың өкілдері мен өзін-өзі ұсынғандар үмітті, деп хабарлайды Egemen.kz  @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының үш ауылында әкімдер сайлауы өтіп жатыр

Май ауданында Көктүбек және Қаратерек ауылдық округтерінің әкімдерін таңдайды. Бірінші ауылдың әкімі денсаулығына байланысты отставкаға кету туралы өтініш берген. Мұнда үш үміткер тіркелді. Ал ауыл әкімшілігінің басшысы өз еркімен кету туралы өтініш жазған Қаратерек ауылдық округінде екі үміткер өтініш берген. Бес үміткердің барлығы – ер адамдар.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Кішкеналинаның айтуынша, ең үлкен үміткер 53 жаста, ең жасы – 28-де.

«Үміткерлер өз қызметінің бағыттары бойынша қаржылық қызметпен, әлеуметтік жұмыспен айналысады. Оқытушылар мен инженер-құрылысшы да бар»,  деді комиссия төрайымы.

Олардың арасында үшеуі - мемлекеттік қызметкер, жұмыссыз азамат және коммерциялық құрылымның бір өкілі бар. Сайлауға екі ауылдық округте 3258 сайлаушы қатысуда.

Аққулы ауданындағы Қарақала ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Оның лауазымына төрт үміткер бақ сынауда. Үміткерлердің жас шамасы 60 пен 30 жас арасында.