Аймақтар • 18 Шілде, 2022

Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының полицейлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде​ 4116​ түп сора еккен тұрғынды ​ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды

37 жастағы​ жұмыссыз қала тұрғыны Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік батысқа қарай 45 шақырым жердегі​ шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсірген.​ Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы ​60-70 сантиметрге жеткен.

Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу мақсатында ​қаскүнем ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.