Қазақстан • 18 Шілде, 2022

Елден 8 млн доллар заңсыз шығарылмақ болған

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылдың басынан бері елден 8 млн доллар заңсыз шығарылмақ болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елден 8 млн доллар заңсыз шығарылмақ болған

Алматы авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы жыл басынан бастап елден 8 млн доллардан астам қаржыны заңсыз шығарудың жолын кесті. 

Осыған байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметінде азаматтарға ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес 10 мың доллар баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салды.