Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Цифрлы архив аясындағы ғылыми ықпалдастық

323 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының үшінші отырысы өтті. Кездесуде екі елдің архив саласын цифрландыру, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Цифрлы архив аясындағы ғылыми ықпалдастық

Маңызды жобалар аясында Ресей архивтері қорларында сақ­талған Қазақстан тарихы­на қатысты тарихи құжаттар­ды табу, көшірмелерін алу, пайдалану және ғылыми айналым­ға енгізумен қатар «Ресей мен Қазақ­стандағы ашаршылық. 1927-1934 жж.» және «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ­стан»бірлескен құжаттар жина­ғын аяқтау жоспарланып отыр.

Екі ел арасындағы келіссөз­дер берік тарихи байланыстар­ды және архив ісі саласындағы өз­ара тығыз іс-қимылды нығайтуды мақсат етеді.

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей архивтерінің 2022-2024 жылдарға ар­налған бір­лескен іс-қимыл жоспары бе­кі­тіліп, комиссия отырысының хат­­та­масына қол қойылды. Ар­хив сала­сының ке­лелі мәсе­ле­лерін қозғаған кез­десу Қазақ­станның төрағалығымен Ресей, Өз­бек­стан, Әзербайжан, Беларусь, Қыр­ғыз­стан, Тәжік­стан, Армения архив саласы өкіл­­дерінің қатысуымен өткен ТМД ел­дері мемлекеттік архив қыз­мет­тері бас­шыларының Кон­сультативтік кеңесінің 18-ші отырысында жалғасын тапты.

Отырыс барысында еліміздегі архив ісінің жай-күйі туралы, қа­былданған нормативтік құ­қық­тық актілер, ақпа­раттық жүйе­лер мен электрондық архив­тік қыз­меттерді енгізу, халықара­лық ынтымақтастық және архив саласы­ның материалдық-техни­ка­лық жарақтан­ды­рылуы туралы айтылды. 2020-2021 жыл­дар­да­ғы ТМД қатысушы мемлекет­теріндегі архив ісінің жай-күйі мен дамуы туралы (құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және есепке алуды, архив қор­ларының құжаттарына ғы­лы­ми-анықтамалық аппарат жүйе­сін ұйым­дастыру, архив құжат­тарын пайдалану және оларға қол жеткізу, мұрағаттарды ақпа­раттандыру) баяндалды.

Ал шетелдік сарапшылар архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, реставрациялау және электрондық форматқа көшіру мәселелері бойынша тәжі­рибелермен бөлісті. Осы орайда Мәдениет және спорт министр­лігі Архив істері және құжаттама­ны бас­қару комитетінің төрағасы Қ.Бораш еліміз­дің архив сала­сының жетістіктерін, оның ішін­де нормативтік-құқықтық база­ны жетілдіру, мемлекеттік және ведом­стволық архивтер қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпарат­тық жүйесін енгізу барысына тоқ­талып өтті.

ТМД елдері азаматтарының әлеу­меттік сұраныстарын қана­ғат­тандыру мен құқықтарын қор­ғау мақсатында кеңеске қатысу­шы елдердің архившілері «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жеке құрамы бойынша құжат­тар­ды сақтау орындары туралы» деректер базасына қосылу бойынша ақпараттық өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.

Халықаралық ынтымақтас­тық­ты кеңейту және «Ар­хив-­2025» жобасын іске асы­ру жө­­­ніндегі іс-шаралардың ке­шен­­ді жоспары шеңберінде Кон­суль­­тативтік кеңестің қатысу­шы­лары Қазақстан тарихы бойын­ша шетелдік архивтердегі құжат­тарды анықтау мен сатып алу және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында архив құ­жаттарымен алмасу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылады.

Халықаралық іс-шара аясында шетелдік делегаттар Ор­­талық мемлекеттік архив және Қазақстан Республикасы Пре­­зиденті архивінің жұмыс ба­ры­­сымен және Ұлттық архив қо­ры­ның тарихи құжаттарынан әзір­ленген көрмемен танысты.

 

АЛМАТЫ