Ауа райы • 19 Шілде, 2022

Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бірқатар өңірде ауа сапасы нашарлады

Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні барлық дерлік өңірде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады.

Тек Алматы, Петропавл, Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың, атап айтқанда тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия жиынтығы.