Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді. Себебі, ыстық ауа райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті.
«Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн. Физикалық жаттығуларды тоқтату керек. Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет», дейді мамандар.