Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Қант қызылшасы қымбаттады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек Көксу қант зауытында Жетісу облысының фермерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қант қызылшасы қымбаттады

Кездесу барысында зауыттың қант қызылшасын сатып алудағы бағасы төмен екені айтылды. Жыл сайын жиналған өнім қант зауыттарына өңдеуге тапсырылады. Ал зауыттар төлейтін баға қызылша өсірушілердің жұмсайтын шығындарына сәйкес келмейді. 2021 жылы зауыт пен мемлекет бір келі қызылша үшін 20 теңге төлеген.

Шаруаларды қолдау мақсатында биыл мемлекет қант зауыттарының сатып алу бағасын ұлғайтты: енді зауыт 15 теңге, ал мемлекет субсидия ретінде 15 теңге төлейтін болады. Осылайша, бір тонна қант қызылшасы үшін шаруалар 30 мың теңге алады. Орта есеппен облыста фермерлер қант қызылшасынан гектарынан 350-ден 400 центнерге дейін өнім жинайды, ағымдағы жылға жоспар 200 мың тонна.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан өндірушілер қызылша егетін аймақты сумен қамтамасыз ету, фермерлер мен қайта өңдеу зауыттарын техникалық жабдықтау мәселелерін талқылады.

Өңірдегі ең ірі қант зауыттарының бірі - «Көксу қант зауыты» ЖШС тәулігіне 2000 тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді. Күніне 200 тоннадан астам дайын өнім алады. 2022 жылдың басынан кәсіпорын 29 мың тонна қант өндірді. Зауыт жылына 250 мың тонна қант өндіреді. Сондай-ақ құрақ қантының жылдық қуаты 35 мың тонна шикізатты құрайды.

Вице-министр жүйелі сипаттағы проблемалар мен ұсыныстар үкіметтік деңгейде қаралатынын айтты.