Қазақстан • 20 Шілде, 2022

Қазақстанда сүт зауыттары жабылуы мүмкін

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дайын өнімдер субсидияланбаса сүт зауыттарының жабылып қалу қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда сүт зауыттары жабылуы мүмкін

Қазақстанда сүт 22%-ға қымбаттады. Өндірушілер қымбатшылықты Ресейден әкелінетін орауыш материалдардың қымбаттауымен түсіндіреді. Қазақстанда коммуналдық қызмет арзандап жатқан жоқ.

«Біріншіден, қаптама қымбаттап барады. Қаңтар мен бүгінгі күнді алатын болсақ, сүтке арналған қаптама 135%-ға қымбаттады. Шыныаяқ пен пластик қақпақтан тұратын қаймақ пакетінің бағасы 100% -дан астамға көтерілді», деді «Текелиский Гормолзавод» ЖШС директоры Денис Дё.

Шенеуніктер сүт бағасын тұрақтандыру қоры есебінен бағаны тұрақтандыруға тырысуда. Бұл үшін бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінді. 

«Бүгінгі күнге дейін соңғы екі айда сүт бағасы тұрақты, өзгеріссіз қалды, өсім байқалған жоқ. Сүт бағасын тұрақтандыру несие механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Яғни, биылғы жылы ол 11-ден 15-ке – 4 млрд-қа ұлғайтылды. Бұл несиелердің барлығы бір өндірушілерге немесе желілерге берілген, олардың барлығы қайтарымды», деді Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл шара жеткіліксіз. Олар мемлекеттен отандық өндірушілерді қолдауды сұрап отыр. Әйтпеген күнде зауыттардың жабылып қалу қаупі бар.