Коронавирус • 20 Шілде, 2022

Елордадағы инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордадағы инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр

«Елордада стационарлардың қуаттылығы 634 төсек-орынға жетеді. Оның ішінде 75-і – реанимациялық төсек-орын. Қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін 7 инфекциялық стационар жұмылдырылған. Инфекциялық стационарларда 260 науқас жатыр. 238 адамнан коронавирус анықталса, 22 пациент пневмониядан емделуде. Осылайша жүктеме 41% болып тұр. 17 пациент жансақтау бөлімінде, 2 адам өкпеге жасанды дем беретін аппаратқа жалғанған», деді Т.Мұратов.

Оның айтуынша, науқастардың арасында КВИ-ға қарсы екпе алғандар да алмағандар да індет жұқтырған.

«Пандемия басталғаннан бері қаламызда 3.3 миллионнан астам коронавирус инфекциясының ПТР диагностикасы жүргізілген. Өткен тәулік ішінде 586 жаңа жағдай анықталды. Соңғы 3 аптада орташа есеппен тәулігіне 150-ге жуық жағдай тіркеліп, 20 адам ауруханаға жатқызылуда», деді ол.