Аймақтар • 20 Шілде, 2022

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 4 есе өсті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 4 есе өсті

Бүгінгі күні облыс бойынша 333 инфекциялық төсек орын бар, оның ішінде 33 реанимациялық төсек орын жасақталған. 

«№2  Атырау облыстық аурухана 28 науқас, оның ішінде жан сақтау бөлімінде 1 науқас, Жылыой аудандық ауруханасындағы инфекциялық стационарда 4 науқас, Құрманғазы аудандық ауруханасындағы инфекциялық стационарда 1 науқас емделуде.

Жалпы инфекциялық стационар төсек-орын жүктемесі 9,9%-ы, жан сақтау бөлімінің төсек-орын жүктемесі 3,0%-ы құрап отыр. Бүгінгі күні амбулаторлық бақылауда 272 науқас бар», деді Асхан Байдуәлиев.