Жеңіл атлетика • 21 Шілде, 2022

Қазақстандық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды

727 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Орегонда штатында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды

Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Джеруто болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.

Бұған дейін біліктілік жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35