Президент • 21 Шілде, 2022

Біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің бірігуін көрсетеді - Тоқаев

1039 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің бірігуін көрсетеді - Тоқаев

«Геосаяси турбуленттілік пен әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында біздің кездесуіміз Орталық Азия елдерінің бірігуін көрсетеді. Жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.