Президент • 21 Шілде, 2022

Даулы мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге болады – Президент

845 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасында шекарада сақталып отырған тұрақсыздық факторларын жою – мемлекет көшбасшыларының еншісінде екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Даулы мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге болады – Президент

«Біз, мемлекеттер көшбасшылары ретінде өңірдегі әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір атыс тек сол елдерде ғана емес, бүкіл аймаққа да ауыр тиетіні белгілі. Қазіргі дағдарыс жағдайында біздің мемлекеттеріміз шекаралық мәселелерді еңсерудің тиімді үлгісін көрсетуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі уақытта шекараны заңды түрде рәсімдеу процесі өте күрделі екенін айтты.

«Даулы мәселелерді шынайы тату көршілік және халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарын сақтай отырып, тек бейбіт жолмен шешуге болады. Басқа балама жоқ», деді ел Президенті өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше