Президент • 21 Шілде, 2022

Бішкекте Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту - өзекті міндет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуіндегі баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бішкекте Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды

«Ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту - өзекті міндет. Бұл үшін былтыр қол қойылған жоғары білімнің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру туралы Декларация негіз болады. Осы бастама шеңберінде Қазақстан әріптестердің жоғары оқу орындары арасындағы алмасуларды кеңейту жөніндегі ұсыныстарын қолдап, Орталық Азия елдерінің жастарын оқыту үшін квоталардың санын ұлғайтты», делінген Президент баяндамасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылатынын жеткізді.

«Біз өңір мемлекеттеріндегі жетекші жоғары оқу орындары мен озық мектептердің филиалдарын құруға дайынбыз. Мәселен, жақында Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды. Қазір Өзбекстанмен өзара негізде білім беру орталықтарын ашу пысықталуда», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20