Қазақстан • 21 Шілде, 2022

Қазақстан трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді

1057 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану үшін бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді. Бұл туралы ел Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан трансшекаралық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән береді

«Осы тұрғыда Қырғызстандағы Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысының жобасы қызу талқылануда. Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартады», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент халықаралық Аралды құтқару қоры аясында елдердің өзара іс-қимылын нығайтуға шақырды.

«Біз Қырғыз тарапының оның ұйымдық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі өңірлік жұмыс тобына қатысуын оң бағалаймыз. Осы қор аясында Қырғызстан тарапымен толыққанды ынтымақтастықтың қайта жандануына үміт артамыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.