ANTIKOR • 21 Шілде, 2022

Антикор блогер Махамбет Әбжанның балаларына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынған журналист-блогер Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің банктік шотына шектеу қойылғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz  Антикорға сілтеме жасап.

Антикор блогер Махамбет Әбжанның балаларына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

«Күдікті М. Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банктік шоттарына шектеу қойылғаны туралы Telegram арналардың бірінде ақпарат тарады. Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз», деп мәлімдеді Антикордың баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, тергеу аясында күдіктінің банктік шотына ғана шектеу қойылған.

«Жалған ақпарат қоғамдық пікірді басқару және тергеуге әсер ету мақсатында таратылады. Азаматтардан ресми ақпарат көзіне сүйенуін сұраймыз», деп хабарлайды агенттіктен.

Еске сала кетейік, блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынған еді.  

5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай күзетпен ұстау шарасын санкциялады.