Теннис • 21 Шілде, 2022

Дмитрий Попко челленджер турнирінің ширек финалына шықты

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко елордада Президент кубогы аясында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дмитрий Попко челленджер турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Дмитрий екінші айналымда түркиялық Янки Эрельмен кездесіп, 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін ресейлік Евгений Донской немесе чехиялық Давид Поляктың біреуімен таласады. Президент кубогы аясында әйелдер арасындағы ITF W60 додасында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Жібек Құламбаева екінші айналымда оңтүстіккореялық На Ли Ханьнан ұтылды - 1:6, 2:6. Гөзал Айнитдинова ресейлік Анастасия Золотареваға есе жіберді - 1:6, 5:7.

Жібек пен Гөзал жұптық сында бүгін кешке ширек финалдық матчтарын өткізеді.